НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Қазақстанда білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі растады.
"Вице-министрге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растаймыз", - деп мәлімдеді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
Айта кетсек, 24 мамырда білім және ғылым министрлігіне қарасты ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен екі айға қамауға алынған болатын.