НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым — Sputnik. Жас қазақстандық әнші Аружан Ардақ Артектегі "Балалар жаңа толқыны 2019" халықаралық конкурсында бесінші орынды иеленді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасы хабарлады.
Тағы оқыңыз: Данэлия Төлешованың дарындылар шоуында айтқан әнінің видеосы
Әлемнің сегіз елінен келген он бір қатысушы жеңімпаз атану үшін барын салды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аружан Деми Ловатоның репертуарынан Warrior және Полина Гагаринаның репертуарынан "Танцуй со мной" әнін орындады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазылар алқасында болған Лев Лещенко, Олег Газманов, Николай Басков, Игорь Крутой және Юлия Савичева Аружан Ардақтың өнерін жоғары бағалады, дегенмен дауыс беру қорытындысы бойынша жеңісті екі ресейлік Алиса Голомысова мен Денберел Ооржакқа берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Трибунадағы көрермендер жас қазақстандыққа қызу қолдау білдірді.
Фестивальдің "қонақтар" бағдарламасында Ержан Максим ән шырқады. Ол конкурстың ашылуында Алсудың қызы Микелла Абрамовамен дуэт құрды.
Аружан Ардақ туралы не білеміз?
Аружан Ардақ (Сабыкенова) Алматы қаласында физика-математика мектебінде оқиды. Тоғыз жасынан вокалмен айналысады.
"Екі айлық кезімде анам түрлі әндерді айтқым келетінін байқапты. Ал төрт жасымда "Фасолька" хорында ән шырқадым", - дейді Ардақ өзі туралы.
Аружан Ардақ та Данэлия Төлешова секілді "Аялаған Астана" республикалық байқауының жеңімпазы. Ол сондай-ақ италиялық "Миа Мартини жүлдесі" телевизиялық байқауының лауреаты. 2016 жылы Қазақстандағы "Балалар дауысы" жобасына қатысты.
2017 жылы "Kinder МУЗ Awards" балалар музыкалық жүлдесінде 13-18 жас аралығындағы үздік орындаушы" ретінде марапатталды.
"Балалардың жаңа толқыны"
"Балалардың жаңа толқыны" — танымал музыканың жас орындаушыларының жылсайынғы халықаралық байқауы. Фестивальге 12 жасқа дейінгі балалар қатысады.