Өңірлер

"Саны емес, сапасы маңызды!" - Тоқаев жөнделген жолдар туралы

© Photo : пресс-служба МИИР РКЖол жөндеу
Жол жөндеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Атырау облысының мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, шығармашылық және педагогикалық зиялы қауым өкілдерімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының жұртшылығымен кездесу барысында жолдардың сапасы туралы айтты, деп хабарлайды Ақорда.

"Нағыз сапалы жол қандай болуы керек? Ең алдымен, сол жолды пайдаланатын тұрғындарды діттеген жеріне жылдам жеткізетін қауіпсіз жол болуы тиіс. Жөнделген жолдың саны емес, сапасы маңызды! Мысалы, қазір Индер мен Миялының арасындағы 120 шақырымды жүріп өту үшін 5 сағат керек. Ал жөндеуден кейін бұл аралықты 1,5 – 2 сағаттың ішінде жүріп өтуге болады, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы әкімдіктердің жұмысын жолдың сапасына сай бағалайтын болады.

Үкіметке берілген тапсырма

Президент қазақстандық компанияларға мұнай және газ саласындағы байқауларға қатысуға мүмкіндік беруді тапсырды. Салық және басқа да төлемдерде тек шетелдік жеткізушілерге жеңілдік бар, дейді Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Назарбаевқа қандай талап қойғанын айтты

"Ал біздің кәсіпкерлер байқауға қатысуға әрекет те жасамайды, себебі, еш пайда жоқ екенін біледі. Импорт бәрібір арзанға түседі", - деді ол.

Бұл жүйелі мәселені үкімет жедел шешіп, жағдайды өзгертуі тиіс, деді мемлекет басшысы.

"Қашаған жобасы бойынша отандық компаниялар үшін тең дәрежеде қолжетімді етуге құны 20 миллион доллардан асатын сатып алу жұмыстарына ғана келісім береміз. ТШО жобасы бойынша бұл жұмыс мүлдем жолға қойылмаған. Үкіметке консорциумдармен тиісті жұмыс жүргізуді тапсырамын", - деді Тоқаев.

Балықтың жаппай қырылуы – Тоқаев не айтты

Президент экология проблемасына да тоқталды. Оның айтуынша, Жайықтағы балықтардың хлорға уланып, жаппай қырылуы бүкіл елді алаңдатты.

"18 тонна балық қырылды, оның 108 тоннасы – бекіре тұқымдас. Балық зауыттарымыз 60% қуатымен ғана істеп тұрғанын ескерсек, бұл – орасан шығын. Мен бұл жағдайды тікелей бақылауға алдым", - деп мемлекет басшысы сендірді.

Тоқаев айтқандай, Каспий мен Жайықтың айрықша әлеуетін сақтап, оны тиімді пайдалану қажет. Атыраудың экологиясы – тек облыстың ішкі мәселесі емес, оны шешуге бүкіл халық бір кісідей жұмылуға тиіс.

Тағы оқыңыз: Назарбаев президенттікке бірнеше кандидат қарастырған

"Каспийдегі бекіре тұқымдас балықтар жыл өткен сайын азайып барады. 2012 жылы біз бекіре балықтарын аулауға толық тыйым салдық, соған қарамастан, бекіре 2 есеге, шоқыр 7 есеге азайды!", - дейді президент.

Мемлекет басшысы қабылданған шаралар нәтиже бермей жатқанын атап өтті.

Жұмысшылардың жалақысы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, біліктілік деңгейі бірдей болса, қазақстандық жұмысшылар мен шетелдіктердің жалақысы әртүрлі болмауы тиіс.

"Біліктілік деңгейі тең шетелдік және жергілікті жұмысшыларға бірдей жалақы төлеу мәселесін бақылауға алу керек. Бірдей жұмысқа әртүрлі жалақы төлеуге жол беруге болмайды", - деді мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз: Тоқаев: Назарбаевтан ақыл-кеңес сұрауға ұялмаймын

Президент жұмысшылардың білім деңгейі және жұмыс тәжірибесі қойылатын жоғары талаптарға сай келуі керектігін атап өтті. Алайда білікті мамандарды еш алаламай, лайықты жалақысын төлеу керек. Қалғанын оқытып, үйретіп, қажет деңгейге жеткізу керек.

Жаңалықтар
0