Өңірлер

Синоптиктер 5 маусымға ауа райы болжамын ұсынды

© AFP 2024 / Kazuhiro NOGIДауыл
Дауыл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан мен жеті өңірде дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. 5 маусым күні астанада дауыл соғып,  бұршақ жауады. Елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтілуде.

"Атмосфералық фронталды өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашын болады. Солтүстікте қатты жаңбыр жауады, тек батыс пен оңтүстікте жауын-шашынсыз", - деп хабарлады Қазгидромет.

Тағы оқыңыз: Қатты жел шатырмен бірге адамды ұшырып әкетті - видео

Сондай-ақ, бұл күні найзағай ойнап, жел көтеріледі, дауыл соғады. Бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте тұман күтілуде.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда 5 маусым күні найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз елордада ауа температурасы 19-22 градус жылы, түнде +15-17°.

Алматыда күндіз 24-26 градус жылы болады. Түнде +15-17 градус.

Шымкент қаласында 29 градус ыстық. Жауын-шашын болуы мүмкін. Түнде 20 градус жылы.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман, дауыл, бұршақ, 15-20 м/с жел болады.
Шығыс Қазақстанда жел күшейіп, жылдамдығы 25 м/с-ке дейін жетеді. Күндіз дауыл, бұршақ болады.

Павлодар, Жамбыл облыстарында жел, нөсер болады. Бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Қостанай облыстарында желдің екпіні - 15-20 м/с, бұршақ күтіледі.

Түркістан облысында 15-20 м/с жел, дауыл болады.

Күндіз Қызылорда өңірінде 15-20, 23 м/с жел, шаңды дауыл.

Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстанда кей жерлерде 15-20 м/с жел болады.

Маңғыстау облысында түнде және күндіз тұман, 15-20 м/с жел, күндіз аптап ыстық күтіледі.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерлерде өрт шығу қаупі бар.

Жаңалықтар
0