Қоғам

Мамин халықты ауыз сумен қамту жұмысын күшейтуді тапсырды

CC0 / inkflo/ pixabay.com / Бала су ішіп жатыр
Бала су ішіп жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет басшысының тапсырмасымен, елді мекендерді 100% сумен жабдықтау және оларға су жеткізу бойынша жол картасы әзірленеді

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин елді мекендерді сумен жабдықтау және су жеткізу жұмысын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет басшысы елді мекендерге су жеткізу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар 2023 жылдың аяғына қарай халықты ауыз сумен 100 процент қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.

Тағы оқыңыз: Халық саны 200-ден аспайтын ауылдар ауыз сумен қалай қамтылады?

Осы ретте Мамин ауылдарды ауыз сумен қамту деңгейі жоғары өңірлерді атап өтті. Мәселен, бұл көрсеткіш Алматы облысында – 89,5%, Қызылорда облысында – 83,2%. Ал Жамбыл, Қостанай және Павлодар облыстарында бұл жұмыс тиісті деңгейде емес екен.

"Бұл өңірлердің әкімдері халықты сумен жабдықтау мәселесіне баса назар аударып, осы бағытта белсенді жұмыс жүргізуі керек", - деді премьер.

Сондай-ақ, Мамин үкіметтің назарын бірнеше мәселеге аударды.

"Бірінші, ауылдық топтық су таратқыштарға қызмет көрсетуді жақсарту үшін осы функцияны ауыл шаруашылығы министрлігіне беру жөніндегі ұсынысты қолдаймын. Бұл мәселені бір ай ішінде пысықтап, заңнамалық және заңға тәуелді актілерге тиісті өзгертулер әзірлеу қажет", - Мамин.

Тағы оқыңыз: "Халықтың тұрмысын қиындатады" Тоқаев бірнеше қатаң тапсырма берді  

Екіншіден, 2023 жылдың соңына дейін барлық қала мен ауылдарды ауыз сумен 100% қамту үшін әкімдерге мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өңірлік жоспарларға түзетулер енгізіп, барлық нысанды белгіленген мерзімде салып, пайдалануға беру қажеттігін айтты.

"Үшінші, қалаларда кәріздік тазалау құрылыстарын салу және жаңғырту біз үшін тағы бір маңызды міндет болып саналады. Бұл міндетті шешу тәсілдері айқындалған. Олардың бірі – тазарту құрылыстарын салу жобаларының инвестициялық тартымдылығын арттыру. Қаржыландыруға да қатысты тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның ішінде Еуропалық қайта құру және даму банкімен жұмыс жүргізілуде және басқа да бірқатар халықаралық қаржы институты осындай жобаларды қаржыландыруға қызығушылық білдірді," – деген ол тиісті министрліктер мен әкімдіктерге халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландыру тетіктерін пысықтауды тапсырды.

Тағы оқыңыз: Ақтөбе мен Атырау облыстары бес-алты жылда шөл далаға айналуы мүмкін

Бұған қоса, ауыл шаруашылығы және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне өңірлермен және басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай ішінде елді мекендерді 100 процент сумен жабдықтау және оларға су жеткізу бойынша жол картасын әзірлеу туралы тапсырма берді.

Жаңалықтар
0