Саясат

Тоқаев Назарбаевтың президенттікке бірнеше кандидатты қарастырғанын айтты

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда биліктің ауысуы үш жыл бойы қаралғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұрагері болуға бірнеше кандидатты қарастырған болатын, деді Қасым-Жомарт Тоқаев "Ресей" телеарнасына берген сұқбатында.

"Нұрсұлтан Әбішұлы партия съезінде өзі айтқандай, бұл мәселені біраз уақыт бойы қарастырған. Құпияны ашар болсам, үш жыл бойы талқыланды. Ол басқа кандидаттарды да қарастырғанын жасырған жоқ. Бірақ 19 наурызда Қазақстандағы биліктің тізгінін қолға алу маған бұйырды", - деді Тоқаев.

Қазақстан президентінің пікірінше, халықаралық қауымдастық Назарбаевтың өкілеттігінен бас тартуы туралы шешіміне жоғары баға берді.

"Түрлі болжамдар мен алып-қашпа сөздерге қарамастан, ол мүлдем басқа жолды таңдады. Президент лауазымын өмір бойы иеленбек дегендер де болды", - дейді мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз: Тоқаев биліктің кімге мұраға қалатынын айтты

Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы 19 наурызда өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдеді. Келесі күні сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті ретінде ант қабылдады.

Жаңалықтар
0