Саясат

Тоқаев: Назарбаевтан ақыл-кеңес сұрауға ұялмаймын

© AFP 2024 / STANISLAV FILIPPOVҚасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі сурет
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Назарбаевтан кейін президент болу қаншалықты қиын деген сауалға жауап берді

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жауапкершілікті түсінетінін, сол себепті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдасуға ұялмайтынын айтты. Тоқаев билік транзитінің "қазақша" тәсілі осындай болатынын атап өтті. 

Тағы оқыңыз: Сенат депутаттары Назарбаевқа тағы бір мәртебе берді

"Россия" арнасындағы "Вести недели" бағдарламасына берген сұқбатында Тоқаев жүргізушінің: " Нұрсұлтан Назарбаев сынды көшбасшыдан кейін Қазақстан президенті болу қиын ба?" деген сауалына жауап берді.

"Қиын, бірақ ең бастысы – жауапкершілік. Мемлекеттің тағдыры сенің қолыңда екенін түсу керек", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, ол жауапкершілік болған жерде тәртіп болатынын атап өтті.

"Менде біздің тұңғыш президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан ақылдасу мүмкіндігі бар. Кеңес сұраудан ұялмаймын. Қазақтарда билік транзиті осылай жүреді деп есептеймін", - деді мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз:  "Ұят": Назарбаев ЕАЭО елдеріне ұсыныс айтты

Мемлекетті 30 жыл басқарған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызында өкілеттігін тоқтатқан болатын.

Бұған дейін сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаев президент болды.

Президент сайлауы 

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Мемлекет басшысы лауазымына жеті адам таласады:

  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
Жаңалықтар
0