Әлем

Ресейде бір топ журналисті трактор қағып кетті – видео

© Sputnik / Сергей Пивоваров / Фотобанкке өту"Бизон-Трек-Шоу" тракторлар жарысы
Бизон-Трек-Шоу тракторлар жарысы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Ростов облысында "Бизон-Трек-Шоу" тракторлар жарысы трагедиямен аяқтала жаздады

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Ростов облысында "Бизон-Трек-Шоу" жарысы кезінде бір топ журналисті трактор қағып кетті.

Оқиғаның видеосы желіде жарияланды. Онда бар жылдамдықпен келе жатқан трактор трассадан шығып кетіп, бір топ операторды соққаны көрінеді. Ал олар жан-жаққа қашқан.

"Российская газета" басылымының мәліметінше, үшінші нөмірдегі трактор жүргізушісі рөлге ие бола алмаған. Оқыс оқиға салдарынан операторлардың камерасы мен керек-жарақтары ғана бүлінді.

© Sputnik / Сергей Пивоваров / Фотобанкке өту"Бизон-Трек-Шоу" тракторлар жарысы
Ресейде бір топ журналисті трактор қағып кетті – видео  - Sputnik Қазақстан
"Бизон-Трек-Шоу" тракторлар жарысы

"Олар көзтартарлық кадр жасаймын деп, дүниенің бәрін ұмытып, дөңгелектің астына түсе жаздайды. Абырой болғанда соққыны сонда жатқан бір мая пішен жеңілдетті", - дейді байқауды ұйымдастырушы Сергей Суховенко.

Жаңалықтар
0