Өңірлер

Жантүршігерлік видео: Қостанайда батут ұшып кетті

© Sputnik / Андрей Соломонов / Медиабанкке өтуБатут
Батут - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше оқиға кезінде батутта балалар ойнап жүрмеген

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Қостанайда батут ұшып кетті, деп хабарлады жергілікті Алау басылымы.

Жантүршігерлік оқиғаның видеосын редакцияға басылым оқырмандары жолдапты.

Куәгер бұл жайтты терезеден видеоға түсірген. Оқиға 31 мамырда "Аэропорт" шағын ауданында болған көрінеді.

“Шамамен 20.30 кезінде болды. Қатты жел соғып, батут ұшып кетті. Ішінде балалар жоқ екен қайта. Бұл не сұмдық өзі", – деп хабарлады қала тұрғыны.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада Қарағандыда батут аударылып, салдарынан бір бала қаза тапқан болатын.

Тағы оқыңыз: Қарағандыда батут аударылды

Жаңалықтар
0