ТАЛДЫҚОРҒАН, 31 мамыр — Sputnik. Алматы облысында полицейлер 10-сынып оқушысына бірнеше пышақ жарақатын салған 21 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жұма күні таңертең жедел қызметкерлер күдіктіні Үшаралда ұстады, ол Алакөл ауданының полициясына жеткізілді.
"Алакөл аудандық полициясының тергеушілері 10 жастағы балаға қарақшылық шабуыл жасап, пышақ жарақатын салу фактісі бойынша алдын-ала тергеу амалдарын жалғастырып жатыр. Іс сондай-ақ облыстық департаменттің бақылауына алынды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің өкілі Көбейхан Нұрахмет.
Бала аудандық ауруханада жатыр.
Алматы облысында үйге түскен ұры баланы пышақтап тастады
Естеріңізге сала кетейік, 29 мамырда 10 жасар бала пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қылмыскер баланың ата-анасы жоқтығын пайдаланып, үйге алдап кіріп, 20 мың ұрлап кеткен.
Бала полицейлерге шабуыл жасаған адамның сыртқы келбетін сипаттап бере алған.