Спорт

Бұрынғы әлем чемпионы Жанқош Тұраров туралы не ойлайтынын айтты

© Photo : Жанқош Тұраровтың әлеуметтік желідегі парақшасынанҚазақстандық боксшы Жанқош Тұраров
Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Экс-чемпион Қазақстанда "жаңа" Головкин табылды деген ойымен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO тұжырымдамасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Алекс Артур Жанқош Тұраровтың (22-0, 15 КО) техникасы Геннадий Головкинге (38-1-1, 34 КО) ұқсайтынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Шотландиялық боксшы Тұраровтың жаттығуының видеосын көрген.

Тағы оқыңыз: Жанқош Тұраров Головкин мен Елеусінов арасындағы дауға пікір білдірді

"Оның бойында GGG-ге ұқсайтын қасиет көп. Қай тұрғыдан алып қарасақ та, Головкинге ұқсайды деп ойлаймын", - деді Артур.

Еске сала кетсек, Жанқош екі жылдан соң рингке қайта оралуды жоспарлап отыр. Ол шаршы алаңға 2017 жылдың қыркүйек айынан бері шыққан жоқ. Тұраров 1 маусым күні Кардиффте (Уэльс) ганалық боксшы Ричмонд Джарбенгпен (29-3-1, 23 КО) жекпе-жек өткізетін болады. Бұдан соң Тұраров 6 шілде күні Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде өнер көрсетпек.

Жаңалықтар
0