Спорт

Нұр-Сұлтанда атлетика орталығы ашылды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуМарафон, архивтегі сурет
Марафон, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Назарбаев Университетіндегі атлетика орталығына мүмкіндігі шектеулі жандар тегін бара алады

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр —  Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Назарбаев Университетінің түлектерін құттықтап, атлетика орталығының ашылу салтанатына  қатысты, деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter парақшасында.

​"Бүгін Елбасы NU түлектерін құттықтады. Бұдан соң Нұрсұлтан Назарбаев университеттегі атлетика орталығының ашылу салтанатына қатысты", - деп жазды Айдос Үкібай.

Шарада Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу мен ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов те болған.​​

​Назарбаев Университетінің атлетика орталығы –  660 көрерменге арналған арена мен олимпиадалық бассейні бар спорт ғимараты. 19 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Сондай-ақ, сквош-корт, жекпе-жек, семсерлесу, жаттығу залы, дәмхана мен кеңселері бар.    

​Мүмкіндігі шектеулі жандар нысанға тегін бара алады.

Жаңалықтар
0