Өңірлер

Найзағай, бұршақ пен қатты жел: үш өңірде дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Ирина СемибратоваБұршақ
Бұршақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер 31 мамыр күні ауа райы қандай болатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" 31 мамыр, жұма күні Маңғыстау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан өңірлерінде дабылды ескерту жариялады.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер алдағы жарты жылға болжам жасады

Күндіз 31 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Дауыл ықтималдығы өте жоғары - 90-95%. 

Ертең Қостанай облысының кей жерінде де найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Тағы оқыңыз: "Қазгидромет" басшылығы айтылған сынға жауап берді

Синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысында да 31 мамыр -1 маусым күндері найғазай, бұршақ пен қатты жел болады деген болжам жасап отыр. 31 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с-ке дейін жетеді. Сенбі күні солтүстік-батыс пен солтүстіктен жел соғады.  

Жаңалықтар
0