НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр — Sputnik. Желіде жарияланған фотода маңдайша жазудағы сөз бен қабырғадағы көлеңкесі сәйкес келмейді. Желі қолданушылары бұған қатты таңғалып, сурет Reddit сайтында 28 мыңнан астам лайк жинаған.
看板はCOFFEEなのに影はCOFEE。
— FSじぇの(非公式) (@jeno_aion) 21 мая 2019 г.
面白いなぁ。https://t.co/rvDm3MGnd1 pic.twitter.com/ybyd343php
Маңдайша жазудағы сөз алты әріптен тұрады - coffee ("кофе"), ал көлеңкеде тек бесеуі ғана бар – f әрпінің бірі "ғайып болды".
Бұған аң-таң болған желі қолданушылар әріптің қайда кеткеніне түрлі пайымдаулар айтып, пікір қалдырды. Арасында қиялға беріліп кеткендері де болды.
"Бұл басқа әлемге апарар жол шығар, дұрыстап жасырмаған ғой", - дейді қолданушылардың бірі.
"Мынау бір сиқыр екен!" — деп тағы бірі топшылады.
Дегенмен иллюзияға не себеп болғанын дұрыстап түсіндіріп бергендер де табылды.
たぶんこういう事。 pic.twitter.com/SOG5gxqfy6
— FSじぇの(非公式) (@jeno_aion) 21 мая 2019 г.
Олардың пікірінше, мұның бәріне маңдайша жазуға жарық түсіріп тұрған шамдардың орналасуы "кінәлі" – екеуінен түскен жарыққа байланысты қос әріп бірігіп кеткен.