Өңірлер

Шымкент мектептерінде ақша жинау үшін терминал орнатылмақ

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуТерминал
Терминал  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім ұялары қалталы азаматтардың көмегіне мұқтаж, ұстаздардың құрал-жабдығына мемлекеттен қаржы бөлінбейді

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкент қаласындағы мектептерде қаржы ашық түрде жиналады. Ол үшін білім ұяларына терминал орнатылмақ. Тың жоба қыркүйек айына дейін іске асады. Бұл туралы №80 мектептің директоры мәлімдеді. Пилоттық жоба дәл осы мектептен басталады.

Елордада ата-аналардан ақша жинаумен күресу мәселесі талқыланды

Терминал арқылы қаржыландырылу —  жемқорлықты жоюдың бірден-бір жолы. Осылай деген №80 мектеп директоры білім ұялары аз да болса қалталы азаматтардың көмегіне мұқтаж екендігін мойындады. Айтуынша, ұстаздардың құрал-жабдығына мемлекеттен қаржы бөлінбейді. Сондықтан осындай амалға жүгінуден басқа жол жоқ көрінеді, деп хабарлады otyrar.kz.

Терминал әлі қойылып үлгермегенімен, оған қаржы салғысы келетіндер қазірден табылып жатыр. Дені бөтен емес, ата-аналар. Ешкімді мәжбүрлемейміз деген басшы түскен ақшаны мұғалімдер мұқтажына ғана емес, оқушылардың өзіне де жұмсамақ.

Биылғы оқу жылында №80 мектепке бюджеттен 2 миллион теңге қаржы бөлінген. Сәуле Қалыбекова берілген ақшаның мектептің жөндеу жұмыстарына жіберілгенін жеткізді. Бюджеттен қаржы бөлінгенімен білім ұясын баптап ұстау үшін ата-ананың көмегіне жүгінуге тура келеді.

Ал терминалға түскен қаржының есебі ресми жүргізіліп, ашық көрсетіліп отырады.

 

Жаңалықтар
0