Өңірлер

Қызылордада қыз алып қашқан жігіттер сотталды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуСот балғасы
Сот балғасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күйеу баламен бірге қыз ұрлауға көмектескен оның екі досы да жазаға тартылды   

ҚЫЗЫЛОРДА, 30 мамыр — Sputnik. Қызылорда сотында қыз алып қашуға қатысты сот процесі аяқталды.

"Қыз ұрлағандардың үшеуі де шартты түрде жеті жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады Қызылорда қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.

Бішкекте жас жігіт қалыңдығын өлтіріп қойды

Сотта үйлену мақсатында қылмыс жасаған облыс тұрғыны жәбірленушімен таныс болғаны, олар көңіл қосқаны анықталды. Бірақ көп уақыт өтпей қарым-қатынасын үзген. Содан жігіт некелесуге келісімін алу үшін қызды алып қашуды ұйғарады.

"Ол өзінің екі ауылдасымен кездесіп, қыз алып қашқысы келетінін айтқан", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. – Үшеуі сол жерде келісім жасап, қызды іздеп Қызылордаға келген".

"Қалыңдықты" таңертең алып қашқан

Қыз таңертең жұмысқа жаяу шығады, "күйеу жігіт" оны жеткізіп салуды ұсынған. Бас тартқан соң оны көлікке күштеп мінгізіп, үйлену тойы өтеді деп жоспарланған ауылға алып барған.

Бірақ жолда автокөлікті жылдамдықты асырған үшін полиция қызметкері тоқтатады. Осы сәтті пайдаланған қылмыс құрбаны тәртіп сақшысынан көмек сұраған.

Жігіттердің үшеуі де Қылмыстық кодекстің топтасып адам ұрлау бабы бойынша сотталды.

Жаңалықтар
0