Саясат

"Құрметті сенатор" атанған Назарбаев жалақы ала ма?

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенат депутаттары Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесін берді

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Сенат депутаты Әли Бектаев "Құрметті сенатор" мәртебесі Нұрсұлтан Назарбаевқа қандай құқық беретінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бектаев Назарбаевтың өмірлік тәжірибесін, ақыл-кеңесін пайдалану бүгінде баршаға, соның ішінде сенатқа да керек екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Назарбаев қандай өмірлік мәртебелерге ие?

"Енді Елбасы сенаттың барлық отырысына, комитеттердің отырысына, соның ішінде ашық отырыстарға да қатысып, өзінің ой-пікірін білдіре алады. Бұл сенат депутаттарының жауапкершілігін арттыратыны сөзсіз. Қазіргі уақытта бүкіл әлем Елбасын мойындап отыр, халықаралық ұйымдар, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ та, оның алдында Түркі әлемі мемлекеттерінің кеңесі, барлығы да Елбасыны бекерден-бекерге құрметті төраға етіп сайлап отырған жоқ. Елбасының өмірлік тәжірибесін сол ұйымның жұмысында пайдалану керек деп басшылар да ашық айтып отыр. Олай болса, неге бізге Елбасының бар мүмкіндігін әлі де пайдаланбасқа?!", - деді депутат сенат кулуарында.

Бектаев "Құрметті сенатор" жалақы алмайтынын айтты.

Тағы оқыңыз: Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны

"Отырыстарға қалаған кезде қатысуға құқығы бар. Заң жобалары, тағы басқа мәселе бойынша өз ой-пікірін айтады, бірақ дауыс беру жағы қарастырылмаған", - деп түсіндірді сенатор.

Бұған қоса, ол жаңа мәртебе сенат төрағасының үстінен қарап, біреудің атынан шешім қабылдауға құқық бермейтінін қадап айтты.

"Құрметті сенатор" деген біреудің үстінен қарайтын, болмаса біреудің атынан шешім, қаулы қабылдайтын атақ емес. Бұл, біріншіден, құрметті атақ. Екіншіден, қоғамдық жұмыстарға, заң шығарушы жұмыстарға атсалысуға, өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік беретін мәртебе", - деді депутат.

Десе де, Бектаев айналып келгенде, сенаторлар Назарбаевтың пікіріне құлақ асатынын жасырмады.

Тағы оқыңыз:  "Ұят": Назарбаев ЕАЭО елдеріне ұсыныс айтты

"Әрине, егер оң, халықтың мүддесіне қажетті пікірлер болатын болса, құлақ асуға болады деп ойлаймын, құлақ асылады да", - деді сенатор.

Айтуынша,"Құрметті сенатор" мәртебесі Қазақстан парламенті сенатының тарихында алғаш рет беріліп отыр.

Жаңалықтар
0