Спорт

Қазақстан барысы - 2019: жеңімпаз балуан қанша теңге ұтады?

© ИА "Новости-Казахстан", Болат Шайхинов"Қазақстан барысы" финалы
Қазақстан барысы финалы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
9-шы мәрте ұйымдастырғалы отырған "Қазақстан барысының" жүлде қоры - 41 миллион теңге

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Биыл "Қазақстан барысы" жарысында жеңімпаз атанған балуанға 25 миллион теңге беріледі. Бұл туралы қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, 9-шы рет өтетін бәсекеге еліміздің 14 облысынан әрі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен әскери құрылымдардан іріктеуден өткен 36 үздік балуан қатысады.

"Жарыстың жүлдеқоры – 41 миллион теңге. Өткен жылдары жүлдеқоры одан да қомақты болғанын білесіздер. Бірақ елімізде 2-3 рет девальвация болды. Осыдан жүлдеқоры азайды. Бірақ бұл да қомақты ақша", - дейді ол орталық коммуницикациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен қатар Арман Шораев осы жылы "Қазақстан барысы" турнирінде жеңіске жеткен балуан қанша ақша алатынын айтты.

"Бірінші орын алған балуанға 25 миллион теңге беріледі", - деді қазақ күресі федерациясының президенті.

Айта кетейік, жарыс 8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласындағы "Барыс Арена" мұз сарайында өтеді.

Тағы оқыңыз: Хабиб Нурмагомедов әкесімен күресті - видео

Жаңалықтар
0