Қоғам

Ғалымдар қандай әйелдердің ең бақытты екенін айтты

© Photo : Yerson RetamalБи
Би - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлыбританиялық ғалым жүргізген зерттеуінің нәтижесімен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің профессоры, психолог Пол Долан ең бақытты адамдарды атады, деп хабарлайды The Guardian.

Ғалым тұрмыс құрмаған жандардың бақытты болатынын айтты. Ол арнайы зерттеу жүргізген. Нәтижесінде Пол Долан адамдардың көбі жұбайы жанында болған кезде ғана бақытты екенін айтады деген қорытынды жасады. Бірақ отбасын құрып, бірге тұрған кезде тек ер адамдардың ғана өмірінде жақсы өзгеріс болады екен.

"Олар отбасын құрған соң, тәуекелге жиі бармайды. Өмірлері тыныш болады, ақшаны көбірек тауып, ұзақ өмір сүреді", - дейді профессор.

Тағы оқыңыз: Әйелдердің ажарын тайдыратын азық-түлік анықталды

Ал әйелдердің өмірі, керісінше, тұрмысқа шыққан соң қиындай түседі. 

"Оларға өзінен гөрі өзгелердің жағдайын жасауға тура келеді. Көп нәрсеге көз жұмып, үндемеуге тырысады. Мұның салдарынан өмірлері қысқарады", - дейді Пол Долан.

Ғалым күйеуге шықпаған әйелдердің өздерін бақытсыз санауының тек бір ғана себебі бар екенін айтты. Өйткені қоғамда отбасын құрған адам табысты, ал жанұясы жоқ адам бақытсыз деген пікір қалыптасып қалған.

Жаңалықтар
0