НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр — Sputnik. Алматыда жаппай жол-көлік оқиғасынан екі адам зардап шекті, оның біреуі бала.
Алматыда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, төрт адам зардап шекті
Төтенше жағдай Саин көшесінде, Қабдолов көшесіндегі көлік жол айрығы көпірінің астында болды.
Жүргізушілер мен куәгерлер Саин көшесімен келе жатқан Shacman жүк көлігінің тежегіші істен шыққанын хабарлады.
Жүк тиеген автокөлік жылдамдығын арттырып, қатты сигнал беріп, көшемен төмен қарай құлдилаған. Ол қатар келе жатқан Suzuki Grand Vitara автокөлігін, содан кейін Nissan Safari және Toyota Camry көлігін соғып кеткен.
Ал жеңіл көлік алдында келе жатқан Газельге, ол Mitsubishi Delica шағын автобусына соқтығысқан. Жол апатынан тағы бір жол талғамайтын көлік – Toyota Land Cruiser Prado зардап шекті. Жүк көлігінің өзі бірнеше машинаны зақымдағаннан кейін тағы екі жүз метр жүріп тоқтады.
Жол апатынан Nissan Safari-дің кішкентай жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, сондай-ақ ГАЗель жүргізушісінің миы шайқалған, алайда ол алғашқы медициналық көмектен кейін ауруханаға жатудан бас тартты.
Полиция жаппай жол апатының себебі мен мән-жайын анықтап жатыр.