Оқиға

Алматыдан 300 километр жерде жер сілкінді

© AP Photo / Irwin FedriansyahСейсмограф
Сейсмограф - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Қытайда орналасты

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр — Sputnik. "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақыты бойынша сағат 11.23-де жер сілкінісін тіркеді.

Қазақстанға қандай табиғи апаттар қауіп төндіретіні белгілі болды

Сейсмикалық белсенділік эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 300 километр қашықтықта орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.2. Магнитудасы MPV 4.4. Зілзала ошағы он шақырым тереңдікте жатты.

"Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы" ЖШС   "Сейсмологиялық қадағалау және зерттеулер ұлттық орталығы" АҚ еншілес ұйымы болып саналады.

Жаңалықтар
0