НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. 9 маусым күні елордада қоғамдық көлікпен тегін жүруге болады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.
"Елдің жүрегі – Нұр-Сұлтан дауыс береді" акциясы аясында қалалық және экспресс бағыттағы автобустың бәрімен тегін жүруге болады. Алайда қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын қоғамдық көлік үшін мұндай жеңілдік қарастырылмаған", - деп жазылған хабарламада.
Жексенбі, 9 маусым күні қоғамдық көлік күнделікті режимде жұмыс істейді.
Сайлау - 2019
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Осы жолы Қазақстан президенттігіне жеті адам таласады. Олар:
- Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
- "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
- Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
- "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
- "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
- Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
- "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.