НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр — Sputnik. Өскеменде қала тұрғыны жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп, көлік астына түсті.
Желіде ер адамды көлік қағып кеткен сәттің видеосы жарияланды, деп хабарлады YK-news.kz. Жаяу жүргінші ауыр жарақат алмаса керек, ақсаңдай басып, таңырқаған жүргізушінің көз алдында оқиға орнынан қашып кетеді.
"Жол-көлік оқиғасы Абай даңғылы аумағында болған. 30 жастағы ер адам жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", – деп мәлімдеді Өскемен полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жаяу жүргінші жарақат алып, дәрігерлерге қаралған.