Оқиға

Қарағандыда батут аударылып, бір бала қаза болды

© Sputnik / Серикжан КовланбаевБатут
Батут - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккен тағы екі бала ауруханаға жатқызылған

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр - Sputnik. Қарағандыда қатты желден батут аударылып, бір бала көз жұмды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

"25 мамырда сағат 17:30-да Қарағандыдағы Мәдениет және демалыс орталық саябағында дүңгіршек жанындағы батут қатты желден аударылып кетті. Салдарынан 2007 жылы туған бала қаза болды", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметіне сүйенсек, 2004 және 2012 жылы туған балалар әртүрлі сынық алып, ауруханаға жатқызылды.

"Үрлемелі аттракциондарды көшелер мен саябақтарға орнатуға әкімдік рұқсат береді. Ал сауда және ойын-сауық орталықтарының алаңдарында батуттар екі қожайынның арасындағы келісімшартқа байланысты құрылады", - деп атап өтті ведомство.

Тағы оқыңыз: Жаңаөзенде балалар ойнайтын батутты жел ұшырып әкетті - видео

Құтқарушылар ата-аналарға қатты жел соққан кезде балаларды көшедегі батуттарға ойнатпауды ескертеді.

Жаңалықтар
0