Елорда тынысы

"Бақыт Сұлтанов ауырып қалды": астаналық түлектер әкімнің келуіне қалай дайындалды

© Sputnik / Абзал КалиевЕлордалық түлектер
Елордалық түлектер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дайындық бір ай бойы жүрді. Оқушылар күнде жиналып, сценарийді пысықтап отырды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik, Арман Асқар. Бүгін елорданың №58 мектеп-гимназиясының түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды. Салтанатты жиынға қала әкімі Бақыт Сұлтанов та келемін деген. Бірақ шараның басталуына бірнеше минут қалғанда баспасөз қызметі әкімнің ауырып қалғанын хабарлады. Оның орнына Малика Бектұрова келді. Sputnik Қазақстан тілшісі де соңғы қоңырауға қатысып, оқушылардың "әкім келеді" деген күнге қалай дайындалғанын көріп қайтты.

"Әкіммен кездеспегенімізге өкінбейміз"

Бүгінгі жиында бәрі болды. Мектеп түлектері ән де айтты, би де биледі. Бастауыш сынып оқушыларының өнерін тамашалап, мектепке қалай келгендерін еске алды. Осыдан кейін дәстүрлі вальсқа шығып, шыр айналды.

© Sputnik / Абзал КалиевТүлектер вальсі
Бақыт Сұлтанов ауырып қалды: астаналық түлектер әкімнің келуіне қалай дайындалды - Sputnik Қазақстан
Түлектер вальсі

Тағы оқыңыз: Білім министрлігі түлектер кешін өткізуге байланысты ұсыныс айтты

Салтанатты жиында әкімнің алғыс хаттары да табысталды. Бірақ оның бәрін қала басшысының орынбасары Малика Бектұрова берді. Әкімнің алғысына бір ғана оқушы ие болды. Ол – оқу үздігі Абай Есенбаев. Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында Абай алғыс хатты әкімнің қолынан алмағанына еш көңілі түспегенін жеткізді.

© Sputnik / Абзал КалиевОқу үздігі Абай Есенбаев
Бақыт Сұлтанов ауырып қалды: астаналық түлектер әкімнің келуіне қалай дайындалды - Sputnik Қазақстан
Оқу үздігі Абай Есенбаев

"Онда тұрған ештеңе жоқ. Болашақта конференцияларда немесе басқа да жиындарда кездесеміз деп ойлаймын. Негізі, біз алдыңғы күні дарынды балалармен бірге әкіммен жүздескенбіз. Екі жыл бұрын Әсет Исекешевпен де кездестік. Сондықтан ондай кездесулер әлі де болып тұрады", - дейді Есенбаев.

Мектеп бұл жиынға бір ай бойы дайындалған екен. Оқушылар күнде жиналып, сценарийді пысықтап отырды.

"Біз бұл шараға қатты дайындалдық. Күнде жиналдық. Бәрі ойдағыдай болды деп ойлаймын. Енді, мектеппен қоштасқым келмейді. Осы жерде 11 жыл бойы оқыдық. Мұғалімдерді, достарымды қимаймын. Біртүрлі ауыр болып тұр", - деді тағы бір түлек Толғанай Қылышева.

13 инновациялық жоба жасалды

№58 мектеп-гимназиясын әкімге көрсететіндей біраз жетістіктері бар екен. Биыл оқуды 70 түлек тәмамдап отыр. Олардың ішінде республикалық жарыстарда топ жарып, Ресейде өткен ғылыми конференцияда бірінші орын алғандар да бар.

"Биыл 70 түлектің ішінде 2 алтын белгі және 5 үздік аттестаттан үміткер болып отыр Осы оқу жылында мектебімізде экотехникалық бағытта 13 инновациялық жоба іске асырылды", - дейді мектеп директоры Самал Нугуманова.

"Бұрын бәрі ғарышкер болғысы келсе, қазір олай ешкім айтпайды"

Бүгінде мектепте бірнеше зертхана бар. Мәселен, ғылым мен технология зертханасында оқушылар өз қолымен шағын зауыт-фабрикаларды жасай алады. Ал зымыран құрастыру кабинетінде жеңіл ракеталарды жинап, аспанға ұшыруға мүмкіндік бар.

© Sputnik / Арман АсқарҒылым мен технология зертханасы
Бақыт Сұлтанов ауырып қалды: астаналық түлектер әкімнің келуіне қалай дайындалды - Sputnik Қазақстан
Ғылым мен технология зертханасы

"STEM+ зертханасында балалар роботтарды ғана емес, шын өмірде болатын зауыттардың шағын нұсқасын да құрастыра алады. Сосын Қазақстанда Байқоңыр сияқты үлкен ғарыш айлағы бар. Бірақ бізде ғарыш саласы ақсап тұр ғой. Бұрын бәрі ғарышкер болғысы келетін. Қазір олай ешкім айтпайды. Балалардың осы ынтасын ояту үшін ракета модельдеу кабинеті ашылды", - деп атап көрсетті физика мұғалімі Ерғали Науатбек. Бүгін ол да әкімің алғысына ие болды.

© Sputnik / Арман АсқарРакета модельдеу кабинеті
Бақыт Сұлтанов ауырып қалды: астаналық түлектер әкімнің келуіне қалай дайындалды - Sputnik Қазақстан
Ракета модельдеу кабинеті

Оқушылар коктейль мен соус жасайды

Мектепте жасыл технологиялар кабинеті бар. Ол жерде оқушылар өсімдіктерге сан алуан тәжірибе жасайды. Гидропоникалық құрылғының негізінде құлпынайды да өсіріп отыр. Ал бір топ оқушы коктейль мен соусты жасап шыққан. Бүгін оны келген барлық қонақтарға таратты.

© Sputnik / Арман АсқарОқушылар коктейль мен соус жасайды
Бақыт Сұлтанов ауырып қалды: астаналық түлектер әкімнің келуіне қалай дайындалды - Sputnik Қазақстан
Оқушылар коктейль мен соус жасайды

Ал мектеп дәлізінде мынандай сенім жәшігін байқауға болады. Мұғалімдердің айтуынша, оқушылар оған өз арыз-шағымдарын, сондай-ақ, ұсыныстарын салып отырады. Психолог мамандарға хат жазатын балалар да болады.

© Sputnik / Арман АсқарСенім жәшігі
Бақыт Сұлтанов ауырып қалды: астаналық түлектер әкімнің келуіне қалай дайындалды - Sputnik Қазақстан
Сенім жәшігі

Айтпақшы, мектепке әкім келеді дегеннен кейін коммуналдық қызметтер айналаның бәрін тазалап қойды. Тіпті, гүлзарға жатпайтын шөпті де қырқып, тегістеп тастады. Алайда жолды жөндеуді үлгермеді.

© Sputnik / Арман Асқар№58 мектеп-гимназиясы
№58 мектеп-гимназиясы - Sputnik Қазақстан
1/4
№58 мектеп-гимназиясы
© Sputnik / Арман АсқарМектепке әкім келеді дегеннен кейін коммуналдық қызметтер айналаның бәрін тазалап қойды
Мектепке әкім келеді дегеннен кейін коммуналдық қызметтер айналаның бәрін тазалап қойды - Sputnik Қазақстан
2/4
Мектепке әкім келеді дегеннен кейін коммуналдық қызметтер айналаның бәрін тазалап қойды
© Sputnik / Арман АсқарМектепке апарар жол
Мектепке апарар жол - Sputnik Қазақстан
3/4
Мектепке апарар жол
© Sputnik / Арман АсқарМектепке апарар жол
Мектепке апарар жол - Sputnik Қазақстан
4/4
Мектепке апарар жол
1/4
№58 мектеп-гимназиясы
2/4
Мектепке әкім келеді дегеннен кейін коммуналдық қызметтер айналаның бәрін тазалап қойды
3/4
Мектепке апарар жол
4/4
Мектепке апарар жол
Жаңалықтар
0