Қазақстанда бірнеше музыкант сан ғасырлық тарихи бар, әрі қымбат музыкалық аспаптарда ойнайды. Солардың бірі - "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры симфониялық оркестірінің солисі, скрипкашы Бағдат Әбілханов.
Тағы оқыңыз: Балет бишілерінің бас киімі қалай тігіледі - видео
Ол бес жылдан бері 1685 жылы италиялық шебер Джозеф Гварнери жасаған скрипкамен өнер көрсетеді.
Бүгінде мұндай музыкалық аспаптың бағасы 17-18 миллион еуро шамасында екен.
"Компьютерлер, ұлы реставраторлар болса да, әлі күнге дейін мұндай сапалы, даусы тұнық шығатын музыкалық аспап жасау мүмкін болмай тұр", - дейді қазақстандық скрипкашы.
Тағы оқыңыз: Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа тіккен Жеңіс туы қайда – видео
"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры симфониялық оркестірінің солисі Бағдат Әбілханов сан ғасырлық тарихы бар скрипкасының негізгі ерекшелігі туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді. Толығырақ видеодан көре аласыздар.