НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстан кәсіптік одақтарының күні 10 қазанда аталып өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Үкіметтің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 303 қаулысы нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.
"Мезгіл жетті": Мұхамедиұлы Наурыз мейрамын тойлауды түбегейлі өзгертуді ұсынды
Қаулыға сәйкес, мерекелік күндердің тізбесі Қазақстан кәсіптік одақтарының күнімен толықты. Жаңа мейрам 10 қазанда аталып өтеді.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Айта кетсек, бұған дейін елімізде 11 қараша – энергия үнемдеу күні, 20 желтоқсан – мемлекеттік фельдъегерлік қызметі күні болып бекітілген еді.