Өңірлер

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚатты жел
Қатты жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
25-27 мамыр күндері жауын-шашын, найзағай мен қатты жел болады деп күтілуде

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері 25-27 мамыр аралығына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

25-27 мамыр күндері ауа райы қандай болады

Мамыр айы мен көктемнің соңғы аптасында құбылмалы ауа райы сақталады. Жауын-шашын, найзағай мен қатты жел болады деп күтілуде.

Тағы оқыңыз: Күн суытады: алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы

"Елдің оңтүстігінде ауа температурасы 28-33 градусқа дейін ысиды. Ал солтүстік және шығыс аймақтарда түнде небәрі +3 градус болады. Өйткені елдің солтүстігіне Ресей мен Оралдың солтүстік өңірлерінен ылғалды суық массалар келеді. Ал оңтүстік аймақтарға Орта Азиядан жылы циклон ығысады деп болжап отырмыз.", - деп жазылған "Қазгидрометтің" ақпаратында.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтан қаласында сенбі күні сынап бағанасы +24 градусқа дейін көтеріледі. Алайда аздап жауын-шашын жауады. Ал сенбіден жексенбіге қараған түні +3 градус болады. 27 мамыр күні күн шығып, 21 градусқа дейін жылиды.

Алматыда 25-27 мамыр күндері ауа температурасы +20 градус пен +24 градус аралығында болады. Сенбі және дүйсенбі күндері аздаған жауын-шашын.

Ал шымкенттіктерді алдағы үш күнде ауа райы қуантақ. Плюс 21 градустан 28 градусқа дейін ыстық болады деп күтіледі. Түнде ауа температурасы +10... +13 градус аралығында болады.

Жаңалықтар
0