Қоғам

Ұлттық экономика министрлігінің департамент басшысы жеті жылға сотталуы мүмкін

© Sputnik / Андрей Старостин / Медиабанкке өтуСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ведомствоның мәліметінше, шенеунік қызметінен шеттетіліп немесе босатылмаған, қазір еңбек демалысында

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотында ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыповқа қатысты алғашқы сот тыңдауы өтті.

Судья Қанат Тобағалиұлының сұрағына жауап берген айыпталушы 1987 жылы үшінші тамызда Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүние келгенін айтты.

"Екі жоғары білімім бар: заң және экономика саласында, саясаттану бойынша магистр дәрежесін алғанмын, іскерлік басқару докторымын. Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директорымын. Үйленбегенмін, осы жазда шаңырақ көтергелі отырмын", - деді Жақыпов.

Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Асланбек Жақыпов қызметінен босатылып немесе шеттетілмеген, қазір еңбек демалысында екен.

Тағы оқыңыз: Тоқаев жемқорлық туралы: мемлекеттік орган басшылары отставкаға кетуі керек

Іс бойынша мемлекеттік айыптаушы – прокурор Мұрат Еділ. Отырыс басталғаннан кейін айыптау тарабы мен жәбірленушілер сот отырысын 29 мамырға қалдыру туралы өтінішхат берді.

Шенеунікке Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 190-бабы үшінші бөлімі (Жауапты мемлекеттік лауазым иесінің алаяқтық жасауы) бойынша айып тағылған.

Бұл бап бойынша сотталушы үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді, сондай-ақ, белгілі бір қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырылады.

Еске сала кетсек, Асланбек Жақыповқа биыл сәуір айында 500 мың теңге пара алды деген айып тағылды.

Тағы оқыңыз: Қандай органдарда сыбайлас жемқорлық жиі жасалады?

Кейінірек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы хабарлағандай, ұлттық экономика министрлігінің бірқатар лауазымды тұлғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған болатын. Жақыповтың ісі алаяқтық бабымен алмастырылды.

Жаңалықтар
0