НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазмұнайгаз" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында мемлекет басшысына ұлттық компанияның биылғы 4 айдың ішінде атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді.
Айдарбаев президентке ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ, компанияның IPO-ға дайындығы жөнінде баяндады.
Тоқаев басталған жобалардың бәрін мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Президенттің тапсырмасы: әкімдер телефондарын көтермей жатыр
Сонымен қатар, мемлекет басшысы корпоративтік басқару ісін дамыту, ұлттық компанияға білікті жас мамандарды тарту қажеттігін айтты.