Оқиға

Нұр-Сұлтанда кәріз құдығындағы метаннан уланған төрт жұмысшы көз жұмды   

© Sputnik / Ксения ВоронинаНұр-Сұлтанда қалалық су арнасының қызметкерлері құдықтағы метаннан уланып қалды
Нұр-Сұлтанда қалалық су арнасының қызметкерлері құдықтағы метаннан уланып қалды  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нысанда барлығы қалалық су арнасының алты қызметкері жұмыс істеген  

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр — Sputnik. Елордада кәріз құдығында төрт адам метаннан уланып көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнынан.

Қазақстанның ІІМ ТЖ комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, төтенше оқиға Бауыржан Момышұлы даңғылында орналасқан Оқушылар сарайының артында болған.

Зардап шеккендердің барлығы "Астана Су Арнасының" қызметкері. Мәйіттер орталық республикалық құтқару жасағы сүңгуірінің көмегімен шығарылды. Уланған жұмысшылардың бірін дәрігерлер құтқарып қалды.

ІІМ ТЖ комитетінің басшысы Владимир Беккер хабарлағандай, сағат 16:24-те 112 телефонына Момышұлы, 5 мекенжайында құдыққа адам құлап кеткені туралы ақпарат түскен.

"Сағат 16.46-да кәріз-сорғы станциясының резервуарына бір емес, төрт адам құлағаны анықталды. Қосымша өрт сөндіру бөлімдері шақырылды. Қайғылы жағдайға метаннан улану себеп болған деген болжам жасалып отыр", - деді оқиға орнында жүрген ТЖК басшысы. 

Ол сондай-ақ құдықтың тереңдігі 10 метр екенін хабарлады, онда  үш метр тереңдікте сұйықтық болған. Оның айналасында сасық ауа таралып жатыр.     

Беккер сорғы станциясы жұмыс істемей тұрғанын айтты. Жұмысшылар оған демонтаж жасамақ болған, сол кезде олардың бірі есінен танып, резервуарға құлап кеткен. Екіншісі шығарып алмақ болып, төменге сатымен түскен, ол да есін жоғалтқан соң, үшіншісі мен төртіншісі көмекке ұмтылған.

Жоғарыда автокөлік жүргізушісі мен сантехниктердің бірі қалған. Олар жедел жәрдемге қоңырау шалып, болған жайды төтенше жағдайлар департаментіне хабарлаған.

© Sputnik / Ксения ВоронинаПредседатель комитета по чрезвычайным ситуациям МВД Казахстана Владимир Беккер
Қазақстан ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер  - Sputnik Қазақстан
1/2
Қазақстан ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер
© Sputnik / Ксения ВоронинаЧетверо человек отравились метаном в Нур-Султане
Нұр-Сұлтанда төрт адам метаннан уланып қалды  - Sputnik Қазақстан
2/2
Нұр-Сұлтанда төрт адам метаннан уланып қалды
1/2
Қазақстан ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер
2/2
Нұр-Сұлтанда төрт адам метаннан уланып қалды

Қазіргі таңда зардап шегуші №1 қалалық ауруханасында жатыр, оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева. 

Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов әкімдік қаза тапқандардың отбасына қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Ол тиісті қызметтерге мұқият тексеріс жүргізіп, трагедияның себебін анықтауды тапсырды.    

Жаңалықтар
0