НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр — Sputnik. Италияның Сиена провинциясында шетелдік туристер мінген автобус аударылып, бір адам қаза тапқан. Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар болуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бастапқы деректерге сүйенсек, жол апатынан зардап шеккендер арасында отандастарымыз бар", - деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.
Он шақты жолаушы әртүрлі жарақат алған, төртеуі ауыр халде жатыр.
Incidente #Monteriggioni, un morto per ribaltamento bus turistico sulla #Autopalio. Le immagini del bus finito nella scarpata. Il raccordo autostradale Siena-Firenze è provvisoriamente chiuso in direzione Siena, con uscita obbligatoria allo svincolo di Monteriggioni. @TgrRai pic.twitter.com/bB83pVXpma
— Tgr Rai Toscana (@TgrRaiToscana) 22 мая 2019 г.
Қазақстандық консул Римнен Сиенаға аттанды. СІМ оқиғаның мән-жайы белгілі болған соң қосымша мәлімет береді.
Апаттың себебі белгісіз
Туристер мінген автобус сәрсенбі күні таңертең Флоренциядан Сиенаға бара жатқанда тас жолдан шығып кетіп, аударылған. Болжам бойынша, автобуста ресейлік туристер болды, деп жазады РИА Новости Ресейдің Италиядағы өкілдігіне сілтеме жасап.
#Incidente #Monteriggioni soccorritori al lavoro sul bus turistico finito in una scarpata, @emergenzavvf hanno estratto le ultime 3 persone incastrate all'interno del mezzo ora affidate al 118. Bilancio provvisorio un morto e diversi feriti @TgrRai pic.twitter.com/91O4sRCuTN
— Tgr Rai Toscana (@TgrRaiToscana) 22 мая 2019 г.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Автобуста барлығы 60 адам болды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.