Өңірлер

Тарақанды улаған: Ақтау тұрғыны өрт сөндірушілерді аяғынан тік тұрғызды  

© Sputnik / Александр Кожохин Архивтегі фото
 Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
"101" қызметіне тұрғын үйден түтін шығып жатқаны жайлы хабар түскен

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Ақтауда құтқарушылар көпқабатты тұрғын үйдегі 15 адамды шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірді, деп жазды жергілікті lada.kz порталы.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Рукия Сычеваның айтуынша, оқиға 21 мамырда 3-шағын аудандағы №20А тұрғын үйде болған.

Мемлекет басшысы сөз сөйлеп тұрған кезде иығына тарақан шығып кетті – видео  

"101" қызметіне аталған тұрғын үйден түтін шығып жатқаны жайлы хабар түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетіп, пәтерлердің бірінен түтін шығып жатқанын анықтаған. Құтқарушылар ондағы 15 тұрғынды шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірген. Оның арасында 4 бала бар.

Кейін аталған тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінің иесі үйін тарақаннан улағаны мәлім болды. 

Жаңалықтар
0