Қоғам

Қазақстандықтар сайлаушылар тізімінде бар-жоғын 25 мамырдан бастап тексере алады

© Sputnik / Владислав ВодневПрезидент сайлауы - 2019
Президент сайлауы - 2019 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта сайлаушылар тізімінде 11 947 995 азамат бар

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Қазақстандықтар сайлаушылар тізімінде бар-жоғын 25 мамырдан бастап тексере алады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"25 мамырдан бастап әр сайлаушыға тізіммен танысу мүмкіндігі беріледі, тиісінше әр азамат өзінің тізімде бар-жоғын тексере алады", - деді Петров Орталық сайлау комиссиясының отырысынан кейін.

Ол сайлаушылар саны өзгеруі мүмкін екенін айтты.

"Егер азаматтар сайлау учаскесіне келіп, өздерін тізімге енгізсе, онда бұл цифр өзгеруі мүмкін. Мұны дауыс беру күніне дейін жасауға болады", - деді ОСК төрағасының орынбасары.

Айта кетсек, әкімдіктер әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізімін сайлау комиссияларына 20 мамырда тапсырған. Осы тізімдерге сай сайлаушылардың жалпы саны 11 947 995 адамды құрап отыр.

Сондай-ақ, бүгін Орталық сайлау комиссиясы сайлау бюллетендерінің саны мен мәтінін бекітті. Алдағы кезектен тыс президент сайлауына 12 067 475 сайлау бюллетені дайындалмақ.

Жаңалықтар
0