Оқиға

Хат жазып қалдырған: Алматыда ер адам ойын алаңында өз-өзіне қол салды

© Sputnik / Анастасия Куприяновабалалардың ойын алаңы, архив суреті
балалардың ойын алаңы, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер оқиға орнынан тауып алған хатта ер адам неге мұндай қадамға барғанын жазып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр – Sputnik. Үлкен Алматы өзені жағасындағы ойын алаңында 55 жастағы ер адам өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

21 мамырда әлеуметтік желіде алматылықтар жиі қыдыратын Үлкен Алматы маңында ер адам өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады. 

Алматы қаласының полиция депатарменті бұл ақпаратты растады.

"Бұл факті 20 мамыр күні тіркелді. Ер адамның денесі Бостандық ауданы Набережная көшесіндегі аулалардың бірінен табылды. Өз-өзіне қол салған адам 1964 жылы туған. Оқиға орнынан хат табылды, ол өз өліміне ешкімді кінәламауды сұраған. Хатта өлімнің себебі жазылған, бірақ оны айтуға құқығымыз жоқ", - деді Алматы қаласы полиция депатарментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Ол өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізілетінін атап өтті. 

Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ. 

Жаңалықтар
0