Қоғам

Қазақстан мен Ресейдің жастар форумы қашан өтетіні белгілі болды

© Sputnik / Айгюзель КадирҚазақстан мен Ресейдің жастар форумы
Қазақстан мен Ресейдің жастар форумы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы форумда қос елдің қоғамдық ұйым өкілдері еріктілер жұмысының үздік тәжірибесімен бөліседі

ҚОСТАНАЙ, 20 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Ресейдің жастар форумы осы жылдың күзінде Омбы қаласында өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

2019 жылдың қараша айында Омбыда Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы форумы өтеді. Оған қос елдің президенттері қатысады. Осы шара қарсаңында Қазақстан мен Ресейдің жастар форумы ұйымдастырылмақ.

Тағы оқыңыз: Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің белсенді жастары бас қосты

Форумға қос мемлекеттің қоғамдық ұйым өкілдері қатысады. Мұнда қазақстандық және ресейлік жастар еріктілер қызметінің дамуын талқылайды.

"Биыл қараша айында Омбыда Қазақстан мен Ресейдің жастар форумы өтеді. Ол Қазақстан мен Ресейдің президенттері қатысатын өңіраралық ынтымақтастығы форумы қарсаңында ұйымдастырылады. Шарада жастар еріктілер қызметі бойынша пікір алмасады", - дейді Ресейдің жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі басшысының орынбасары Андрей Платонов Қостанайдағы форумда.

Айта кетсек, Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің жастар форумы өтіп жатыр. Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуы мүмкін. Шараға 1 мыңнан астам адам қатысып жатыр. Ресейден арнайы 200 ерікті келген. Форумға қатысушылар екі күн бойы еріктілер қызметі саласында тәжірибе алмасады.

Жаңалықтар
0