Оқиға

Нұр-Сұлтанда екі ірі жол апаты болды: зардап шеккендердің жағдайы қалай?

© Sputnik / Анатолий Медведь / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі жол апатынан бір әйел қаза тауып, 16 елорда тұрғыны зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. Нұр-Сұлтанда болған екі ірі жол апаты салдарынан зардап шеккен 16 адамның бесеуі ауруханада жатыр.

Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова айтқандай, жол апаттары 19 мамырда болды.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда жүк көлігі мен микроавтобус соқтығысты: жол апатының мән-жайы

Астрахань тас жолында жүк көлігі мен микроавтобус соқтығысқан. Он бір зардап шегушінің төртеуі – балалар, жетеуі – ересектер.

Зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмекті оқиға орнында алты жедел жәрдем бригадасы көрсеткен.

"Зардап шеккендер қалалық стационарларға жеткізілді. Дәрігерлер қараған соң, төртеуі ауруханаға жатқызылды, олар – бір бала, үш ересек адам. Қалғандары амбулаториялық ем алады", - деп мәлімет берді басқарма басшысының орынбасары.

Рүстемова атап өткендей, ересектер елорданың травматология және ортопедия орталығында, науқастардың жағдайы тұрақты. Зардап шеккен жолаушылардың бірі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Жас жігіттің көзіне зақым келіп, ішкі органдары жарақаттанған.

Ал зардап шеккен баланың жағдайы орташа ауыр халде.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда әйел адам көлік астына түсіп қаза болды

19 мамырда тағы бір жол апаты Абылайхан даңғылындағы "Гүлжан" сауда және ойын-сауық орталығы маңында болды. Екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынна 52 жастағы әйел қаза болды. Тағы бес адам зардап шекті. Жолаушылардың бірі бірінші қалалық ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа ауыр халде.

Жаңалықтар
0