НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. Нью-Йоркте (АҚШ) америкалық нокаутер Гэри Антуан Расселл (9-0, 9 КО) мен никарагуалық Маркос Мохиканың (16-4-2, 12 КО) жекпе-жегі өтті, деп хабарлады Sports.kz.
Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундтқа есептелген еді, алайда Расселл төртінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Нокауттың видеосын мына жерден көруге болады.
Gary Antuanne Russell drops Mojica in Round 4. #AlfonsoKildaze next up on #WilderBreazeale prelims LIVE: https://t.co/OUzZl9BIvQ pic.twitter.com/tZuvehDDZH
— SHOWTIME Boxing (@ShowtimeBoxing) 18 мая 2019 г.
Осылайша, америкалық кәсіпқой карьерасындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді – оның бәрі нокаутпен аяқталды. Ал Мохика төртінші рет жеңілістің ащы дәмін татты.
Тағы оқыңыз: Елеусіновтің командасы Головкинге жауап берді
Айта кетейік, 34 жастағы никарагуалық боксшы өткен жылдың қарашасында Данияр Елеусіновпен (6-0, 3 КО) жұдырықтасты – қазақстандық та оны нокаутқа жіберген болатын.