НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр — Sputnik. Әлемге әйгілі қазақ әншісі, таңғажайып дауыс иесі Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі жеке парақшасында сәби кезіндегі суретін жариялады.
"Не деген бас мынау?! Денемнен де үлкен болып тұр ғой!" – деп жазды Димаш әзілдеп.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Димаштың бөбек кезіндегі суретін көрген жұрт қатты сүйсініп, жүрекжарды лебіздерін жаудырды. Басым көпшілігі кішкентай Димаштың басының үлкендігін тілге тиек етті.
"Басыңа әнің сыймай тұрған ғой, Димашжан, айналайын, аман бол", - деп пікір қалдырды әнші оқырмандарының бірі.
"6 октавалық диапозонды реттейтін бас қой!", - деп жазды тағы бірі әзіл-шыны аралас.
Желі қолданушыларының бірі бас сүйек қысымы болғанда немесе Д3 дәрумені жетпегенде, баланың басы осындай дәу болады деп пайымдады.
Тағы оқыңыз: Димаш Андреа Бочеллимен кездесті - видео
Димаштың тағы бір жанкүйері тезірек осындай "кішкене көшірмесі" дүниеге келсін, үбірлі-шүбірлі болсын деп тілектестік білдірді.