Спорт

Батыр Жүкембаев мексикалықты бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді – видео

© Photo : Vincent Ethier / EOTTMБатыр Жүкембаев, архивтегі фото
Батыр Жүкембаев, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшы кәсіби рингтегі 16 жекпе-жегін нокаутпен аяқтады  

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр — Sputnik. Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (15-0, 12 КО) кәсіпқой карьерасындағы 16-шы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Sports.kz.

Монреалда (Канада) бірінші жартылай орта салмақтағы он раундтық жекпе-жекте Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалеспен (13-6, 6 КО) кездесті. Батыр бірінші раундтың соңында техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Нокауттың видеосын мына жерден көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

 Жүкембаев кәсіби рингте 16 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті, бұл 12-ші нокауты. Соңғы рет қазақстандық өткен жылдың қазанында нокаутпен жеңген еді. Ал Видалес карьерасында жетінші рет жеңіліске ұшырады.  

20 жастағы Садриддин Ахмедов мексикалықты қалай нокаутқа түсірді – видео

Жаңалықтар
0