Дерекқор

Күнге аллергияңыз болса, не істеу керек?

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуКүнге күйген әйел адам
Күнге күйген әйел адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күн сәулесінің әсерінен туындайтын аллергия туралы Sputnik дерекқорынан оқыңыз

Аллергия – ағзаның иммундық жүйесінің кейбір сыртқы тітіркендіргіштерге аса сезімталдығы. Оны қоздыратын заттарды аллергендер дейді. Олар организмге сырттан түсетін (экзогендік) және организмде бөлінетін (эндогендік) болып екіге бөлінеді.

Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың жүні, шаң, кіржуғыш ұнтақтар, кейбір тағамның қоспалары, дәрі-дәрмек, микроб мен вирус жатады. Ал эндогендік аллергендер әртүрлі микробтың, вирустың, суық немесе ыстық температураның, улы химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерінен адам ағзасында пайда болады. Күн сәулесінің әсерінен туындайтын аллергия да осыған жатады. Бұл дерт медицинада "фотодерматит" деп аталады.

Бұл аллергия бөртпе сияқты дененің барлық жеріне шығып, беті сулы, іріңді болып қызарып, қатты қышиды. Көбінесе бет, қол мен аяқтың терісі зақымданады. Фотодерматитке иммунитеті әлсіз балалар жиі шалдығады.

Тағы оқыңыз: Шаңға аллергияңыз болса, не істеу керек?

Сонымен қатар иммунитеті әлсіз, ағзасында дәрумендер қоры аз, бауырдың қызметі мен зат алмасу процесі нашар ересек адамдар да күннің әсерінен туындайтын аллергияға бейім болады.

Дәрігерлер кейбір дәрі-дәрмекті пайдалану кезінде күннің әсерінен туындайтын аллергия пайда болуы мүмкін екенін айтады. Оған антибиотиктер, барбитураттар, гистаминге қарсы және жасуша өсуін тоқтататын заттар, қабынуға қарсы стероидті емес дәрілер (аспирин, ибупрофен) жатады. Фотодерматитті емдеудің бірнеше әдісі бар. 

Мамандар фотодерматит иммун жүйесінің бұзылуы салдарынан туындайтын сирек кездесетін ауру кезінде байқалуы мүмкін екенін айтады. Бұл дерттен емделудің бірнеше әдісі бар.

Бала күн аллергиясына шалдықса, не істеу керек?

  1. Баланы бірден күн сәулесі түспейтін жерге отырғызу қажет;
  2. Зақымданған теріні суланған мақта орамалмен сүрттіңіз;
  3. Балаға көбірек су беру қажет;
  4. Дәрігерге барып, аллергияның неден туындағанын нақты білу шарт.

Аллергия кезінде ересектерге не істеу қажет?

Дәрігерге (дерматолог, аллерголог немесе иммунолог) қаралған жөн. Тексерістен өткен соң, дәрігер сізге крем, жақпа май және таблеткалар жазып береді;

Ағзадағы зиянды токсиндерді шығару үшін энтеросорбенттерді (энтеросгель) қабылдаңыз;

Дәрігерлер фотодерматитті емдеу бірнеше аптаға созылатынын айтады. Егер күн аллергиясын уақытында емдемесе, ол асқынып, "экзема" дертіне айналуы мүмкін;

Сонымен қатар мамандар аллергияның бұл түрі қайталана берсе, пациентке күнге шығуға тыйым салынатынын ескертеді.

Фотодерматиттің алдын алу жолдары

Фотодерматит дертінің алдын алу үшін төмендегі кеңестерге назар аударған жөн. Егер бала ауырса:

  • Балаңызды күнге шығаруды шектеңіз
  • Оның иммундық жүйесін күшейту қажет;
  • Ыстықта көбірек су ішкен абзал;
  • Далаға шығардың алдында балаңыздың денесіне күннен қорғайтын кремді жағыңыз.

Күн аллергиясына ересек адам шалдықса: 

  • Фотодерматит дерті асқанынып кетпес үшін дәрігерге қаралып, күнге қыздырынуды шектеген жөн;
  • Сондай-ақ күннен қорғайтын кремдерді байқап пайдаланыңыз. Аллергияға қарсы дәрі-дәрімектерді пайдаланар алдында дәрігермен ақылдасу керек;
  • Жылы жаққа демалысқа аттанбас бұрын гистаминге қарсы дәрілік препараттарды (Зодак, Эриус, Цетрин), әрі аллергия кезінде организміндегі токсиндерді шығару үшін энтеросорбенттерді (энтеросгель) пайдаланған абзал.
Жаңалықтар
0