Дрон Үндістанның табиғи паркіндегі дөңде орналасқан әлемдегі ең үлкен құс мүсіні – Джатаюді видеоға түсірді. Мүсіннің заңғарлығы, үлкендігі таңғалдырады: ұзындығы – 60 метр, енді – 45 метр, ал биіктігі – 21 метр! 1400 шаршы метр аумақты алып жатыр. Мүсіннің авторы үнді Раджив Анчал өз туындысына 10 жыл өмірін арнаған.
Джатаю – қаршыға бейнесіндегі жарты құдай. Аңыз сюжетіне сәйкес, ол Ситаны Равананың тұтқынынан босату үшін онымен шайқасқан, бірақ ауыр жарақат алып, өлген.
Қаршыға шалқалап жатқан және қанаты қырқылған күйінде бейнеленген. Мүсіннің ішінде көрме залдары және басқа да бөлмелер бар.