Мәдениет

"Евровидение 2019": байқау финалистері анықталды

© REUTERS / RONEN ZVULUNТель-Авивте өтіп жатқан Евровидение 2019 байқауының финалистері
Тель-Авивте өтіп жатқан Евровидение 2019 байқауының финалистері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ән байқауының финалы сенбі күні Израильдің Тель-Авив қаласында өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Тель-Авивте "Евровидение 2019" халықаралық ән байқауының екінші жартылай финалы өтіп, 18 мамырда финалдық шоуға қатысатын тағы он қатысушы іріктелді.

Екінші жартылай финалда көрермендер 18 конкурсанттың өнеріне баға берді.

Финалға жолдама алғандар арасында Ресей атынан қатысып жатқан әнші Сергей Лазарев та бар. Сахнаға он үшінші нөмірмен шыққан ол "Scream" әнін орындады.

​Екінші жартылай финалда, сондай-ақ, Солтүстік Македония, Нидерланды, Албания, Щвеция, Әзербайжан, Дания, Норвегия, Швейцария және Мальта өкілдері жеңімпаз атанды.

Бірінші жартылай финалдың қорытындысы бойынша "Евровидение 2019" байқауының финалында Грекия, Беларусь, Сербия, Кипр, Эстония, Чехия, Австралия, Исландия, Сан-Марино және Словения өкілдері де бақ сынайды.

Байқау ережелері бойынша, "Евровидение" негізін қалаған тағы бес мемлекет пен конкурс өтіп жатқан елдің өкілдері финалға автоматты түрде жолдама алады. Бұл Франция, Италия, Германия, Испания, Ұлыбритания және Израиль.

Байқау сайтында финалдық шоудың қонағы Мадонна болады деген ақпарат жарияланды. Ол  Future атты жаңа әнін шырқайды.

Жаңалықтар
0