НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Алдағы демалыс күндері республиканың басым аумағында жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазгидромет" РМК болжамынша, 17-20 мамыр аралығында Қазақстанға суық және ылғалды ауа массалары ығысады. Соның әсерінен алдағы демалыс күндері республиканың басым аумағында жаңбыр жауып, ауа температурасы түседі.
"Ертең оңтүстікте, ал жексенбі күні оңтүстік-шығыста, дүйсенбіде солтүстік пен орталықта кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Ресейдің еуропалық бөлігінен елдің батысына антициклон ығысатындықтан, бұл аймақтарда жауын-шашын тоқтайды. Бірақ солтүстік тропосфералық ағындардың әсерінен ауа температурасы төмендейді", - делінген хабарламада.
"Болжамдар нақты емес": Қазгидромет директоры синоптиктерге айтылған сынға жауап берді
Ірі мегаполистердегі ауа райы
Нұр-Сұлтан
- 18 мамырда күн бұлттанып, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +14, ал күндіз + 16 градус жылы болады;
- 19 мамырда күн ала бұлтты, түнде +8, күндіз +17 градус;
- 20 мамырда күн бұлтты, сынап бағанасы түнде +10, күндіз +15 градусты көрсетеді.
Алматы
- 18 мамырда күн ала бұлтты, түнде +11, күндіз +20 градус;
- 19 мамырда да күн ала бұлтты, аздаған жаңбыр жауады, түнде +13, күндіз +20 градус;
- 20 мамырда күн ашық, түнде +14, күндіз +22 градус жылы болады.
Шымкент
- 18 мамырда күн бұлттанып, аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде +18, күндіз +23 градус;
- 19 мамырда да аздаған жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Түнде +17, күндіз +22 градус жылы;
- 20 мамырда күн ашық, түнде +16, күндіз +28 градус ыстық.