НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр — Sputnik. Кәсіпқойлар арасында IBF тұжырымы бойынша алғашқы қазақстандық әлем чемпионы Василий Жиров Sports.kz сайтына берген сұхбатында Геннадий Головкин жайлы не ойлайтынын айтты.
"Головкиннің тұйықтығына байланысты онымен араласпаймын. Дегенмен Геннадийге әрдайым жақсылық тілеймін!", - деді ол.
Жиров "оның кәсіпқой карьерасы жайлы не ойлайсыз?" деген сұраққа былай деп жауап берді:
"Әр адамның өз жолы бар... Головкин көп нәрсеге қол жеткізді, мен ол үшін әрқашан қуаныштымын".
Нумеролог Геннадий Головкиннің өмірінде қандай өзгерістер болатынын болжады
Олимпиада чемпионы және Вэл Баркер кубогының иегері Василий Жиров 1999 жылдан 2003 жылға дейін IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы болды.