Экономика

Халықаралық валюта қорының басшысы Абайдың сөзіне құлақ асуға үндеді

© Sputnik / Ирина Калашникова / Медиабанкке өтуКристин Лагард, архив
Кристин Лагард, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард XII Астана экономикалық форумына келді

НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Халықаралық валюта қорының басқарушы-директоры Кристин Лагард әлемдік экономиканың тежелуі жайында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақтың танымал ақыны Абайдың жақсы бір сөзі бар - "Ақырын жүріп, анық бас". Бүгін осы сөзге назар аударғым келіп отыр. Себебі бізге жылдам жұмыс істеу керек. Бірақ ақырын жүріп, анық басқанымыз жөн", - деді Лагард XII Астана экономикалық форумының пленарлық мәжілісінде.

Оның сөзіне қарағанда, биыл әлемдік экономиканың өсімі тежеліп отыр. Қор басшысы "бұл жағдайды рецессияға жатқызуға болмайды" дейді. Алайда өткен жылмен салыстырғанда экономикалық өсім 3,3 процентке дейін төмендейді деген болжам бар. Келесі жылы аталған көрсеткіш 3,6 процентке көтерілуі керек.

Астана экономикалық форумы 2019  - Sputnik Қазақстан
Экономика
"Жағдай алаңдатарлық" Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық проблемаларды атады
"Бұның бәрі - болжам. Сондықтан қандай да бір қаржылық қиындықтар болмайды деп үміттенеміз. АҚШ пен Қытай арасындағы текетірестер сияқты қауіп-қатерлер болмаса екен дейміз. Алдағы алты айда ондай қауіп-қетерлер бәсеңдейді деген болжам бар. Бірақ оны нақты айту қиын. Сондықтан, президент мырза (Қазақстанның тұңғыш прездиденті Нұрсұлтан Назарбаев – Sputnik), сіз де осы мәселеге өз ықпалыңызды жасап, жаһандық қауіп-қатерлерді төмендетесіз деп сенеміз", - деді Лагард.

Халықаралық валюта қорының мәліметі бойынша әлемдік экономиканың жалпы өсімі 3,3 процентке дейін тежелсе де, Кавказ бен Орталық Азияда аталған көрсеткіш 4,1 процент болады деген болжам бар. Бірақ оны сақтап қалу үшін мықты ішкі саясат пен экономиканың диверсификациясы қажет. Ал, ең бастысы, тұрақты өсім керек. Аталған көрсеткіш ауыл халқының әл-ауқатымен де өлшенеді.

Жаңалықтар
0