НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik. Тбилисиде Өрмекші адам болып киінген төрт жасар бала сегізінші қабаттағы терезеден секіріп, жеңіл-желпі жарақат алды.
Негізінде балақаймен бірге пәтерде әжесі де болған. Ол кісі төрт жасар немересі өз бөлмесінде ойнап отыр деп ойлапты. Әжей болған жайтты көршілерден бір-ақ естіген, деп жазады Грузия Online.
Тағы оқыңыз: Екі сәби мен бойжеткен көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Оқиға куәгерлерінің пайымдауынша, Өрмекші адам болып киінген сәби сүйікті кейіпкеріне еліктеген сияқты.
Қазір көптеген жарақат алған бала ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Жақын арада жазылып шығады екен.
Бала биік қабаттан өзі құлап кеткенін мойындапты.