НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облыстық полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды. Қатаң шара қолданылатынын айтты.
Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында хабарлады.
ІІМ Е.Тұрғымбаевқа Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қатаң шара қолданылатын болады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 15 мая 2019 г.
Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде тараған видеода Атырау облысының полиция департаменті басшысына ұқсас адамға ат мінгізген видео тарап кеткен болатын. Қызметтік тергеу басталды.
Қазақстанның ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді.
"Ішкі істер министрлігі Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Аян Дүйсенбаевқа қатысты видео әлеуметтік желіде жариялануына байланысты қызметтік тергеу жүргізу үшін өңірге аттанды", - делінген ведомство хабарламасында.
Министрлік атап өткендей, қызметтік тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады.
Дүйсенбаев туралы не білеміз
Атырау облысының полиция департаменті бастығы полиция генерал-майоры Аян Дүйсенбаев 1966 жылы дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
Тағы оқыңыз: Атырау облысының полиция бастығына ат мінгізді
Әр жылдары Атырау облысы ішкі істер басқармасының "Арлан" арнайы бөлімшесінің командирі, ішкі істер министрлігі департаментінің бастығы қызметін атқарды. Өңірдің полиция департаменті басшысы болып 2016 жылдың тамызында тағайындалған.