НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстанда қаңтар-сәуірде жалпы ішкі өнімнің өсімі 4%-ті құрады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қаңтар-сәуірде жалпы ішкі өнімнің өсуі 4%-ке дейін үдеді. Қаңтар-наурызда ол 3,8%-ті құраған болатын. Серпін өңдеу өнеркәсібіндегі, қызмет көрсету саласындағы үдеумен, сондай-ақ құрылыс пен ауыл шаруашылығындағы тұрақты қарқындармен қамтамасыз етілген", - деді Дәленов үкімет отырысында.
Тағы оқыңыз: АҚШ компаниялары Қазақстанды сотқа берген: 180 млн долларлық іске нүкте қойылды
Министрдің айтуынша, инфляция деңгейі жоспарланған дәлізде. Жыл басынан бері ол 1,8%-ті, ал жылдық мәнде 4,9%-ті құрады.
"Инвестиция динамикасы жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынынан асып түсті. Өсім 6,7%-ті құрады. Ауыл шаруашылығы, құрылыс пен өнеркәсіп саласында инвестициялар айтарлықтай өсті", - деді ол.
Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша халықаралық резервтер 86 миллиард долларға жеткен.
Тауар нарықтарында да жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. 4 айда мұнайдың орташа бағасы барреліне 65 доллардан асты, ал металл бағасы төмендеу үрдісін көрсетіп отыр.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда ең жоғары және ең төмен жалақыны кім алады?