НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Мереке күндері Қазақстанда екі сәби мен бір бойжеткен көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Құтқарушылардың мәліметінше, 9 мамырда Өскемен қаласы Қазақстан көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы терезеден қараусыз қалған 2015 жылғы қыз құлап кетіп, ауруханаға түсті.
Тағы оқыңыз: Ақмола облысы тұрғыны көпқабатты үйдің балконынан секірмек болды - видео
12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы Бауыржан Момышұлы даңғылындағы он қабатты үйдің үшінші қабатынан 2001 жылы туған бойжеткен абайсызда құлап кетіп, ауруханаға жатқызылған.
Қарағандыда Күзембаев көшесі бойындағы үйдің үшінші қабатындағы терезеден 2015 жылы туған бала құлап кетіп, көз жұмды.
Қазақстанның ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті атап өткендей, мұндай жазатайым оқиғалар көбінесе үлкендер балаларды қараусыз қалдырған кезде болып жатады. Төтенше оқиғаның алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау қажет.